Болгариялық аквалангшы рекорд жаңартамын деп ажал құшты

45 жастағы аквалангшы күйеуімен 231 метр тереңдікке түсуді жоспарлаған.

Болгариялық аквалангшы Теодор Балабанова Грекиядағы Торонеос шығанағында әлем рекордын жаңартпақ болған сәтте қаза тапты.

45 жастағы аквалангшы күйеуімен 231 метр тереңдікке түсуді жоспарлаған. Мұндағы мақсаты осыған дейін 211 метр болған әйелдер арасындағы әлем рекордын жаңарту болыпты. Алайда суға түскеннен кейін бағдарынан жаңылып, үрейленгеннен есін жоғалтқан.

Күйеуі су бетіне көтеріліп үлгерген. Артынша кессон дертінің белгілерімен ауруханаға жатқызылыпты.


  0