Роналдуға 19 миллион еуро айыппұл салынды

Португалиялық салық төлемегені үшін жауапкершілікке тартылған.

Мадрид соты туриндік "Ювентус" клубының әрі Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдуға қатысты салық төлемеу ісі бойынша 23 айға шартты түрде соттады және19 миллион еуро айыппұл салды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Португалиялық футболшыға 2011-2014 жылдары аралғында 5,7 миллион еуро салық төлемегені үшін жауапкершілікке тартылған. Осы уақытта Роналду мадридтік "Реал" сапында өнер көрсеткен еді. 

Билікпен келісімге келген Роналду 18,8 миллион еуро және қосымша 375 мың еуро айыппұл төлейді. 

Роналду сот залынан шығып келе жатқан сәт © REUTERS

Криштиану Роналду мадридтік сот ғимаратынан шыққан уақытта "бәрі де керемет" - деді. 

Испанияда егер адам бұрын соңды қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған болса, екі жылға дейінгі уақыттың барлығы шартты түрде өтеледі. 

Роналдудың ісі бойынша сот отырсы сейсенбіде өтті. 



  0