ӘЧ-2018 күміс жүлдегері "Реалға" байкот жариялады



"Реал" жартылай қорғаушысы Матео Ковачич мадридтік командамен жаттығу жасаудан бас тартты, - деп хабарлайды Marca.

Басылым мәліметінше, хорват футболшысы клубтың Вальдебабас базасына келіп, басшылықпен сөйлесіп, өз болашағының мәселесі шешілмейінше жаттығу жасамайтынын айтқан. 

Ковачич "корольдік клубтан" кетуді жоспарлап жүр, себебі ол өзінің клубтағы ойын уақытына көңілі толмайды. Ойыншы "Реалдың" бас бапкері Хулен Лопетегимен сөйлесіп, басқа клубқа ауысқысы келетінін айтқан. Қазіргі уақытта ойынша Мадридтегі өз үйінде. Ол қалыптасқан жағдайда оң шешім шығатынына үмітті. 

Өткен маусымда хорват ойыншысы "Реал" үшін барлық турнирлерде 36 ойынға қатысқан, оның тек 21-інде ғана негізгі құрамға енген. Хорватия құрамасының сапында ол Ресейде өткен әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды. 

Осыған дейін, Ковачичтің отандасы әрі ұлттық құрамадағы әріптесі Лука Модричте "Реалдан" кететінің туралы айтқан еді. ӘЧ-2018 жарысында үздік ойыншы атанған футболшыға миландық "Интер" қызығушылық танытып отыр. 

Жазда "Реалдан" Италияға Криштиану Роналду кеткен еді. Португалиялық футболшы туриндік "Ювентуспен" төрт жылдық келісімшартқа отырды. Ол жылына 30 миллион еуро алады. 


  0