Роналду Бенземаның орнын басатын футболшыны тапты

БАҚ мәліметінше, "корольдік клуб" Кейн үшін 200 миллион еуро беруге дайын.

Мадридтік "Реал" шабуылшысы Криштиану Роналду клуб басшылығынан лондондық "Тоттенхэм" сұрмергені Харри Кейнді жазғы трансферлік маусымда кезінде сатып алуы туралы өтініш білдірді.

Don Balon мәліметінше, Карим Бенземаның ойын "Реал" басшылығына ұнамайды және сол себепті командадан жазда кетуі мүмкін. Роналду ағылшын футболшысының ауысуын қолдап, күтіп отырғанын ашық айтты. 

Осыған дейін, Роналду "Реалдың" бас бапкері Зинедин Зиданға Чемпиондар лигасының 1/8 финалында француздық "Пари Сен-Жермен" (бірінші ойында мадридтік клуб 3:1 есмебімен ұтты) командасымен өткен ойынға Бенземаны алаңға шығармауды шақырғаны туралы айтылды. Зидан болса өз отандасын қорғап бағуда, алайда "Реал" жанкүйерлері командандан француздық футболшының кетуін қалап отыр. 

БАҚ мәліметінше, "корольдік клуб" Кейн үшін 200 миллион еуро беруге дайын. 24 жастағы ағылшын сұрмергеніне "Ювентус" командасы да көз тігіп отыр. Туриндіктер 250 миллион еуро беретіндерін де ашып айтты. 

Кейн "2011/12 маусымынан бастап "Тоттенхэм" сапында өнер көрсетіп келеді. Оның келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін созылған, ал transfermarkt.de бағасы бойынша трансферлік құны - 120 миллион еуро. Осы маусымда ол 35 ойын өткізіп, 34 гол салды. 



  0