Полторанин шаңғыдан Қазақстан құрамасының жаңа сапына кірмеді

Командадан николай Чебатько да кетті.

Шаңғы спортынан Қазақстан құрамасының жетекшілігі 2019/20 маусымға жаңа құрамды бекітті, - делінген Федерацияның ресми сайтында. Командаға 15 адам кірді: тоғыз ер және алты әйел. 

Жаңа маусымда командадан әлем чемпионатының қола жүлдегері Николай Чеботько кетті. Сонымен қатар, командаға кірмегендер арасында: Алексей Полторанин,  Ангелина Шурыга,  Марина Матросова, Елена Коломина,  Ирина Быкова және Анжелика Тарасова. Барлығы спорт және халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 

"Алдағы маусымда команададан алты спортшы кетті: Николай Чеботько карьерасын аяқтады. Алексей Полторанин Халықаралық федерация шешімімен шеттелді.  Ольга Мандрика, керісінше командаға қосылды. Қалған қыздар алға қойған міндеттерді орындай алмады. Сондықтан команданы 15 спортшыға дейін қысқарту шешімі қабылданды", - дейді Қазақстанның Шаңғы жарысы федерациясының бас хатшысы Андрей Невзоров.

Команданың толық тізімі келесідей:

1. Олжас Климин (Ақмола облысы)

2. Виталий Пухкало (Қостанай облысы)

3. Денис Волотка (Ақмола облысы)

4. Евгений Величко (Ақмола облысы)

5. Константин Борцов (Ақмола облысы)

6. Наиль Башмаков (Алматы)

7. Асет Дюсенов (Алматы область)

8. Иван Люфт (ШҚО)

9. Даулет Рахимбаев (Алматы)

10.Валерия Тюленева (Ақмола облысы)

11. Анна Шевченко (Павлодар область)

12. Дарья Ряжко (Павлодар область)

13. Эльмира Мутагарова (Ақмола облысы)

14. Ольга Мандрика (Ақмола облысы)

15. Ксения Шалыгина (Алматы)


  0