Әскерилер арасында шаңғы жарысының жеңімпаздары анықталды

Жарысқа 13 команда қатысты.

Семей гарнизонында шаңғы жарысынан "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері арасында чемпионат өз мәресіне жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 



Шаңғы сайысы 6 шақырымдық жеке жарысты және 5 шақырымдық патрульдердің жарысы мен эстафетасын қамтыды. Сайысқа барлығы Семей, Өскемен, Аягөз және Үшарал гарнизондарының 13 командасы қатысты.



"Шаңғы жарысында барлығы, команданың жұмыс үйлесімділігіне байланысты. Керемет шеберліктің өзінде команда бойынша өзара көмек пен қолдау болмаған кезде жарыста сәттілікке қол жеткізу мүлде мүмкін болмайды. Сайысқа қатысты қытымыр  климаттық жағдайға қарамастан, сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді», - деді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының  дене даярлығы және спорт бөлімінің бастығы Нұржан Тұрымов.



Жалпы командалық есепте Семей гарнизонының 44736 әскери бөлімі жеңіске жетті. Екінші орынға 36803 әскери бөлімінің командасы жайғасты және үштікке Өскемен гарнизоны 27943 әскери бөлімінің командасы ілікті. Жарыс жеңімпаздары ағымдағы жылғы ақпанда ҚР Қарулы Күштерінің чемпионатына қатысатынын айта кетейік.








  0