Батыр Жүкембаевтың келесі қарсыласы анықталды



Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Батырдың келесі қарсыласы мексикалық Луис Хесус Видалес (19-6, 6 КО) болады. Жекпе-жек 17 мамырда Канаданың Монреаль қаласында өтеді. Кездесу 10 раундқа жоспарланған.

Айта кетейік, Жүкембаев өзінің соңғы жекпе-жегін 16 наурызда Монреальда өткізген болатын. Сол кездесуде мексикалық Хилберто Месаны төрешілер шешімімен жеңген еді.

Қазақстандық боксшы бүгінге дейін 15 жекпе-жек өткізіп, оның бәрін жеңіспен аяқтаған. 12 қарсыласын нокаутпен жеңген.


  0