"Оған менің фанатым болған ұнайды". Альварес Головкинге әзілдеді



Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өткен демалыста мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен америкалық Дэниэл Джейкобс жекпе-жегін тамашалауға барған болатын. "Канело" кездесуден соң осыған қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Оған менің фанатым болған ұнайды", - деп әзілмен жауап берді Альварес.

Естеріңізге салсақ, Альварес - Джейкобс кездесуінде мексикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын. Осылайша, "Канело" WBC және WBA (Super) титулдарын қорғап, Джейкобсқа тиесілі IBF белбеуін еншілеген.

Бұл жекпе-жекті тамашалау үшін Головкин арнайы барған болатын. Кездесуден соң ол Альварес - Джейкобс жекпе-жегінің іш пыстырарлық болғанын айтқан.


  0