Қазақстанда дүниеге келген боксшы қыз абсолют чемпион атағына таласта есе жіберді

28 жастағы Хаммер Қарағанды облысындағы Новодолинка ауылында дүниеге келген.

Қазақстанда дүниеге келген Кристина Хаммер орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы атағына талас кезінде қарсыласынан жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін АҚШ-тың Нью-Джерси штатында Атлантик-Сити қаласындағы Boardwalk Hall аренасында Хаммер өзінің WBO белбеуінен айырылп қалды. Ол осы салмақта WBC, WBA (Super) және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Кларесс Шилдспен жұдырықтасты. 

 Жекпе-жек екі минуттан тұратын 10 раундқа созылды. Төрешілер шешімімен америкалық боксшы жеңіске жетті. Соңғы раундтарда америкалық боксшы қыз жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтауға мүмкіндігі болды. 

Кәсіпқой бокста 25 жекпе-жек өткізген Хаммер бірінші рет жеңіліске ұшырады. Ал оның қарсыласы, Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы кәсіпқой бокста өткізген тоғыз кездесуінің барлығында да жеңіске жетті. 

28 жастағы Хаммер Қарағанды облысындағы Новодолинка ауылында дүниеге келген. Бала кезінде ол ата-анасымен Германияға көшіп кеткен және қазіргі уақытта Дортмунд қаласында тұрады. Кәсіпқой боксқа ол 2009 жылы ауысқан, ал бір жылдан соң, яғни 20 жасында WBOбелбеуін жеңіп алған. Тоғыз жылда ол екі салмақ дәрежесінде чемпион атанды. 

Тег:



  0