Фируза Шәріпова UFC тарихындағы үздік чемпионды жекпе-жекке шақырды

Фируза Шәріпова келесі жекпе-жегін 2019 жылы көктемде өткізуі тиіс.

Кәсіби бокстан әлем чемпионы қазақстандық Фируза Шарипова екі дивизионда UFC чемпионы бразилиялық Аманда Нуньесті жекпе-жекке шақырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Кіші Рой Джонс UFC президенті Дана Уайттың жақын досы. Қазіргі таңда біз Рой Джонстың командасымен серіктеспіз және мен екі салмақ дәрежесінде UFC чемпионы Аманда Нуньеспен жекпе-жек ұйымдастыруды сұраймын. Мен оны нокаутқа түсіргім келеді. Аманданы Кристиана Жустиноны жеңуімен құттықтаймын. Ол бокстың тамаша техникасын көрсетіп, таза нокаутпен уақытынан бұрын жеңді. Мен бұл жекпе-жекті асыға күттім, себебі жеңімпазбен кездескім келеді. Қазір өз командамнан бұл жекпе-жекті 2019 жылы ұйымдастыруын сұрайтын боламын. Нуньестің икемін ескерер болсақ, ол қызықты өтуі тиіс. Ол жекпе-жек менің Ева Вальстроммен кездесуімнен кейін өтуі мүмкін деп ойлаймын", - деді Фируза Шәріпова.

Айта кетейік, Аманда Нуньес (17-4) отандасы Кристиана Жустиноны (20-2) жеңіп, UFC тарихында екі салмақ дәрежесі бойынша алғашқы чемпион атанды.

 

Фируза Шәріпова келесі жекпе-жегін 2019 жылы көктемде WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы финляндиялық Ева Вальстроммен өткізуі тиіс. Ол бірлескен кездесу болады және оның жеңімпазы екінші жартылай салмақта әлем үздігі атанады.



  0