Қазақ боксшы қарсыласын екінші минутта нокаутқа түсірді - видео

20 жастағы қазақстандық боксшы кәсіби аренадағы алғашқы жекпе-жегін биыл бастаған еді.

Жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы қазақстандық Садриддин Ахмедов кәсіби бокстағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Ол Канададағы Эдмонтонда өткен жекпе-жекте мексикалық 29 жастағы Элиуд Мелендез Рочты 82 секундта нокаутқа түсірді.

Ахмедов осымен 2018 жылы қатарынан алтыншы кездесуінде уақытынан бұрын жеңіске жетті.

20 жастағы қазақстандық боксшы кәсіби аренадағы алғашқы жекпе-жегін биыл бастаған еді. Әуесқой бокста Жастар арасындағы әлем чемпионатының 2016 жылғы чемпионы атанған еді. Қазір оның мүддесін канадалық  Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясы қорғайды.



  0