Қазақстандық боксшы WBC "жастар" титулын жеңіп алды

Қазіргі таңда оның қоржынында бес жеңіс бар, ол өткізген барлық бес кездесуінде жеңіске жеткен.

Қазақстандық боксшы Искандер Харсан кәсіби рингте бесінші жеңісіне қол жеткізіп, WBC Intercontinental чемпионы "жастар" титулын иеленді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

АҚШ-та өткен жекпе-жекте оның қарсыласы америкалық Хорхе Рамос болды. Кездесу сегіз раундқа жоспарланған және ол аяғына дейін созылды.

Кездесу нәтижесі бойынша, төрешілердің шешімімен Харсан жеңіске жетті, ал оның қарсыласы мансабында тұңғыш рет жеңіліс тапты. Екінші жеңіл салмақта WBC Intercontinentаl "жастар" титулы бәске тігілді.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы 2017 жылы тұңғыш жекпе-жегін өткізді. Қазіргі таңда оның қоржынында бес жеңіс бар, ол өткізген барлық бес кездесуінде жеңіске жеткен.



  0