Гена, сен біздің чемпионымызсың - министр

Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альварестен бүгінгі өткен реваншта жеңіліп қалды.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бүгін АҚШ-та жеңіліс тапқан Головкинге қолдау көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Гена, сен біздің Чемпионымызсың, саған алғысымыз зор, қолыңнан келгеннің барын жасадың. Баршамыз сені мақтан тұтамыз!", - деп жазды министр Facebook парақшасында.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альварестен бүгінгі өткен реваншта жеңіліп қалды. Төрешілердің шешімі бойынша жеңімпаз Сауль Альварес: 115-113, 115-113, 114-114.

Бұл екі боксшының арасындағы алғашқы жекпе-жек осыдан бір жыл бұрын өткен еді. Ол кезде кездесу тең аяқталды. Реванш биыл 5 мамырда өтуі тиіс болған, алайда мексикалық боксшы допинг тесттен өте алмай, тыйым салынған заттар қанынан табылып, ол алты айға бокстан шеттетілді.



  0