Руслан Мырсатаев келесі кездесуіне Қанат Исламмен бірге дайындалып жатыр

Боксшылар Майамиде дайындалып жатыр.

Кәсіпқой бокста аса ауыр салмақта өнер көрсететін отандасымыз Руслан Мырсатаев өзінің АҚШ-та өтетін келесі жекпе-жегіне Майамиде жаттығып жатыр. Бұл туралы ВКонтакте желісіндегі "Профи бокс Казахстана" парақшасы хабарлайды. 

Қазақстандық боксшы алдағы кездесуіне Майами қаласында Қанат Исламның "Kazakh Team" командасымен бірге жаттығып жатыр. Бірақ Мырсатаевтың келесі кездесуі қашан өтетіні белгісіз. 

Айта кетейік, 31 жастағы отандасымыз кәсіпқой боксқа өткен жылы ауысқан болатын. Сол уақыттан бері 3 кездесуі өткізіп, үшеуінде де жеңіске жетті. Ал оған дейін Алматы боксының тәлімгері WSB жобасында елордалық "Астана арландары" клубының намысын бірнеше жыл қорғады. 

Тег:



  0