Фируза Шарипованың келесі қарсыласы анықталды

Жекпе-жек 4 наурыз күні Мәскеуде өтеді.

Кәсіпқой бокста өнер көрсеткетін қазақстандық боксшы қыз Фируза Шарипованың алдағы жекпе-жектегі қарсыласы ресейлік Юлия Чернобородова болады. Бұл туралы allfight.ru порталы хабарлап отыр. 

"Фируза Шарипованың Флойд Мейвезер академиясында өткізетін шеберлік сағаты барысында екі боксқы қыз көз арбасады. 22 жастағы Юлий ақпан айында Ресейдік Орталық федераллды округының "алтын" жүлдесін жеңіп алды. Ол жас әрі талантты боксшылардың бірі", - дейді Шарипованың менеджері Сергей Завилейский.

Айта кетейік, Фируза Шарипованың келесі кездесуі 4 нраузы күні Мәскеуде өтеді. Қазіргі уақытта ол Флойд Мейвезердің бокс академиясында жаттығу жұмыстарын істеп жатыр.



  0