Ұсыныс түссе, EXPO-2017 кезінде жұдырықтасуға дайынмын - Фируза Шарипова

Фируза Шарипова EXPO-2017 кезінде Қазақстанда жұдырықтасу мүмкін екенін айтты.

Қазақстаннан шыққан бірінші кәсіпқой бұрымды боксшы Фируза Шарипова Vesti.kz порталына EXPO-2017 кезінде әлем чемпионы атанғысы келетінін айтып берді. 

- Фируза, EXPO-2017 кезінде жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс түссе қабыл алар ма едіңіз?

- Әрине! Мен Қазақстандағы мұндай ірі шара кезінде жұдырықтасуды армандап жүрмін. Оның үстіне тура сол уақытта менің әлем чемпионы атағы үшін өтетін кездесуім жоспарланып жатыр. Сондықтан да бірінші чемпиондық белбеуінді отандым, өз жанкүйерлерімнің алдында жеңіп алсам керемет болар еді. Жанкүйерлер де маған жолдатаған сауалдарында осы жағдайды жиі сұрайды. 

Мен менеджеріммен де бұл туралы сөйлестік. Бізге де Қазақстанда жекпе-жек өткізу маңызды. Қазірше XPO-2017 ұйымдастырушыларынан нақты ұсыныс түскен жоқ. Біраз БАҚ бетінде жүрген жаңалықтарды қарасақ, олар Қазақстанның ең танымал деген спортшыларының басын қосқысы келетінін көруге болады. Менің жекпе-жегім ол кешкін көркін кіргізер еді. 

- EXPO-2017 кезінде жекпе-жек ұйымдастыру үшін не керек?

- Бірінші кезекте ұйымдастырушылар мақұлдау керек. Ал мен өз тарапымыздан жекпе-жекті жақсы өткізу үшін жақсылап дайындаламыз. Егер маған EXPO-2017 кезінде ұсыныс түсетін болса, мен жұдырықтасуға дайынмын. 





  0