Хирн Джейкобске Головкин - Альварес кездесуінің жеңімпазымен жекпе-жек ұйымдастырып бере алмайды - БАҚ

БАҚ промоутерді Джейкобсқа әлсіз қарсылас таңдап жүр деп айтыптады.

Танымал британдық промоутер Эдди Хирн Дэниел Джейкобске осал қарсыластарды таңдап, Головкин - Альварес арасындағы кездесудің жеңімпазымен жекпе-жек ұйымдастыра алмайды, деп жазады boxingnews24.com порталы. Басылымның мәліметі бойынша, промоутер америкалық боксшыға өте әлсіз қарсыластарды таңдап жүр екен. 

"Хирн Джейкобске Головкин мен "Канело" арасындағы кездесудің жеңімпазымен жекпе-жек ұйымдастырамын десе, қателеседі. Джейкобс Луис Ариас немесе Мацей Сулецки секілді боксшылармен жұдырықтаса берсе, бұл кездесудің жеңімпазымен жекпе-жек өткізе алмайды. Бұл кездесулер Джейкобстың жанкүйерлерін көбейтпейді. Хирн болса Джейкобс үшін өте әлсіз боксшыларды таңдап беріп жүр. Егер Хирн Джейкобстың шынымен бокстағы деңгейі өскенін қалайтын болса, Чарло немесе Деревянченко секілді боксшылармен келісу керек. Бірақ промоутер бұлай істемейтін шығар", - деп жазады БАҚ.

Еске салайық, Джейкобс өзінің келесі кездесуін 28 сәуір күні полшалық Сулецкимен өткізеді. Бұл бокс кешінің андеркартында Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов те өнер көрсетеді. Ал Головкин 5 мамыр күні Альварестің орнына шыққан тегі армяндық, бірақ АҚШ намысын қорғайтын Ванес Мартирсямен кездеседі.




  0