Қанат Ислам мен Робсон Ассистің шаршы алаңға шығатын нақты уақыты анықталды

Қанат Ислам Робсон Ассис арасындағы кездесу 17 ақпанда өтеді.

17 ақпанда Қанат Ислам бразилиялық боксшы Робсон Ассиспен жекпе-жекке шығады, - деп хабарлайды Vesti.kz. WBO Intercontinental және WBA Federatin атақтары АҚШ-тың Уилмингтон қаласында сарапқа салынады.

Мұның алдында жекпе-жектің "Қазақстан" және KazSport арналарынан көрестілетіні хабарланған. Жекпе-жек Қазақстан уақыты бойынша 18 ақпан таңғысын болады. Осыған байланысты трансляция 07:55-те басталады.

Бүл кештің басты жекпе-жегінде 48 жастағы атақты боксшы кіші Рой Джонс 46 жастағы Бобби Ганнмен жұдырықтасады. Жеңімпаз WBF тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуді тағады.

Еске салайық, Қанат Ислам алдағы жекпе-жегіне Филадельфияда жаттықты, ертең қарсыластар матчалды баспсөз мәслихатына қатысады.

Тег:



  0