Фируза Шарипованың келесі жекпе-жегі қашан және қайда өтетіні белгілі болды

Бұл туралы боксшымыздың менеджері Сергей Завилейский айтты.

Қазақстандық бұрымды боксшы Фируза Шарипаваның келесі жекпе-жегі қашан және қайда өтетіні белгілі болды. Бұл туралы боксшының менеджері Сергей Завилейский AllFight.Ru басылымына берген сұхбатында айтты. 

"1 сәуір күні Фируза Шарипова Мәскеудегі "Бокс академиясында" келесі кездесуін өткізеді. Мүмкін бұл жекпе-жек белбеу үшін өтетін де шығар. Қазір бұл мәселені қарастырып жатырмыз", - Сергей Завилейский 

- Жекпе-жектің белбеу үшін өтуі неге байланысты?

- Егер демеушілермен қаржы жағын шешіп алсақ, онда жекпе-жек нақты белбеуін үшін өтеді. Қазір мәселенің барлығы қаржыға келіп тіреліп тұр. Егер біз қосымша қаржы таппасақ, Фируза 8 раундтық рейтингтік кездесу өткізеді. Ал келер кездесуінде белбеу үшін шаршы алаңға шығады. Біз бұл мәселені ұзаққа соза алмаймыз, күзге дейін бірінші чемпиондық атаққа қол жеткізгіміз келеді. 

- Жекпе-жек тікелей эфирде көрсетіледі ме?

- Фирузаның жекпе-жегін ресейлік "Бокс ТВ" және "Боец" арналары тікелей таратады. Жуақ арада қазақстандық арналармен келіссөз жүргіземін. Содан кейін отандастары да Фирузаның жекпе-жегін тікелей эфирден көретін мүмкіндік алады деп ойлаймын. Мен негізі Фирузаның жекпе-жектерін алдағы уақытта да қазақстандық арналар көрсетуі туралы ойластырып жатырмын. Мысалы, бұған дейін кіші Флойд Мейезер ShowTime, Владимир Кличко RTL секілді нақты бір арнамен жұмыс істеген. Фирузаға да осылай жұмыс істеу керек. Егер қазақстандық арналар көрсетуге дайын болса, біз міндетті түрде мықты жекпе-жек ұйымдастырамыз. 

- Жаңа бапкермен Фирузаның дайындығы қалай өтуде?

- Қазіргі уақытта Фируза бабына келіп жатыр. Ол "Бокс академиясының" бапкері Сергей Кубышевпен жаттығу жақсы кірісті. Бір-бірін жақсы түсініп, тез тіл табысып кетті. Сондықтан да біз жуық арадаға Фирузаның әлем чемпионы атанатынына еш күмән келтірмейміз. Оған әзірші бізде тек қаржы жетіспей тұр. 


  0