Қанат Ислам жекпе-жек алдындағы жаттығуларын аяқтады

Отандасымыз 17 ақпан күні өтетін кездесуге дайындығын аяқтады.

32 жастағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам (22-0-0, 18 КО) бразилиялық Робсен Ассиспен өтетін кездесуге дайындығын аяқтады, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Соңғы жаттығу жиындарын Қанат Ислам Филадельфия қаласында өткізді. Өйткені онда қыс. Бұл қала Уилмингтонға жақын болған соң отандасымыз соңғы жаттығу жиындарын осы қалада өткізді.

Қанат Исламның өкілі Берік Сұлтанның айтуынша, боксшымыздың салмағы тура. Жекпе-жекке тас-түйін дайын екен. 



Оның алдағы кездесуде қарсыласы болатын Робсон Ассис те Бразилиядан Уилмингтонға келіпті. Ертең екі боксшы журналистермен кездесіп, баспасөз жинын өткізеді. Сонымен қатар ашық жаттығу жиындары болады. 

Айта кетейік, келесі кездесуін бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Federatin тұжырымдары бойынша әлем чемпионы 32 жастағы отандасымыз 17 ақпан күні Уилмингтон қаласында (АҚШ, Делавэр штаты) бразилиялық Робсок Ассиспен жұдырықтасады






Тег:



  0