"Енді менен қаша алмайды". WBA Джейкобсқа Головкинмен екінші жекпе-жек өткізуге мүмкіндік берді

28 сәуірде Дэниел Джейкобс поляк боксшысы Мацей Сулецки жұдырықтасады.

28 сәуірде АҚШ-тың Бруклин қаласындағы Barclays Center аренасында өтетін бокс кешінде Дэниел Джейкобс поляк боксшысы Мацей Сулецки жұдырықтасады. Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBA) шешімі бойынша жекпе-жек элиминатор статусына ие болады, - деп хабарлайды BoxingScene.

Осы кездесудің жеңімпазы ресми түрде WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге міндетті қарсылас атанады. 

"WBA ұйымына осындай мүмкіндік бергені үшін алғысыс шексіз. Бұл маған 28 сәуірде жеңіске жетуіме үлкен мотивация болды. Бірінші жекпе-жекте Головкинді жеңгеніме сенемін және реванш өткізгім келетінін де жасырмаймын. Енді менен қаша алмайды", - дейді Джейкобс.


  0