Қанат Ислам Сауль Альвареспен кездесуге дайын екенін айтты

Қазіргі уақытта Қанат Ислам келесі жекпе-жегіне Филадельфияда дайындалып жатыр.

32 жастағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам (22-0-0, 18 КО) алдағы уақытта мексикалық боксшы Сауль Альвареспен кездесуге дайын екенін айтты, деп жазады Vesti.kz.

"Менің Қазақстандағы жанкүйерлерім бұл жекпе-жекті көруге асығып отыр. Менің командам да бұл кездесуді ұйымдастырғысы келеді. Мүмкіндік болатын болса, Сауль Альвареспен кездесуге дайынмын", - деп келтіреді отандасымыздың сөзін Boxingscene.com порталы. 

Айта кетейік, келесі кездесуін бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Federatin тұжырымдары бойынша әлем чемпионы 32 жастағы отандасымыз 17 ақпан күні Уилмингтон қаласында (АҚШ, Делавэр штаты) бразилиялық Робсок Ассиспен жұдырықтасады



Тег:



  0