Промоутер Джейкобсқа Головкин мен "Канело" арасындағы кездесудің жеңімпазымен жекпе-жек ұйымдастыруға уәде берді

Джекобс былтыр Головкиннен жеңілген еді.

Дэниел Джейкобстың (33-2, 29 КО) промоутері Эдди Хирн америкалық боксшыға қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы 5-мамырда өтетін кездесуде жеңімпаз атанған боксшымен жекпе-жек ұйымдастырып беруге уәде берді. 

Еске салайық, Джейкобс 28-сәуір күні жеңілмеген полшалық боксшы Мацей Сулецкимен (26-0, 10 КО) кездесу өткізеді.

"Біз НВО телеарнасымен бірнеше себептерге байланысты келісімшарт жасадық. Біріншіден, олармен жұмыс істеген керемет. Онда керемет команда жиналған. Екіншіден, біз Головкин мен Альварес арасындағы кездесудің жеңімпазымен жекпе-жек өткізу үшін. Егер 28-сәуір күні Джейкобс жеңіске жететін болса, мен Головкин немесе "Канеломен" кездесу ұйымдастыру үшін барлығын жасаймын", - дейді Хирн oxingScene.com порталына берген сұқбатында. 

Айта кетейік, өткен жылдың наурыз айында Джейкобс Головкинмен кездесіп, 12 раунд бойы жұдырықтасты. Жекпе-жектің қорытындысы бойынша америкалық боксшы жеңіліп, белбеуінен айырылды. Содан соң америкалық боксшы отандасымызды бірнеше рет реваншқа шақырды. 






  0