"Қанаттың соққысы – жойқын". Айдос Ербосынұлы Қанатпен өткізген спаррингі жайлы айтты

Ақпан айының соңына қарай отандасымыз өзбек боксшысы Ұлықбек Хакбердиевпен жұдырықтасуы керек болған.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы Vesti.kz тілшісіне кейінге шегерілген чемпиондық жекпе-жегі және Қанат Исламмен өткізген дайындық кездесуі жайлы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Ақпан айының соңына қарай отандасымыз өзбек боксшысы Ұлықбек Хакбердиевпен WBA Asia чемпиондық атағы үшін жұдырықтасуы керек болған. Кейіннен бұл кездесу 24 наурызға шегерілді.

- Ең алдымен чемпиондық жекпе-жектің кейінге неге шегерілгенін білсек?

- Әзірге ештеңе айта алмаймын. Жақын күндері бәрі белгілі болады.

- Айдос, алдағы жекпе-жегіңнің алдында Қанат Исламмен спаррингтік кездесу өткіздің. Қанаттың соққылары қалай екен? Салмақтарыңыз сәйкес келмейді де, қандай да бір қиындықтар болды ма?

- Қанат өз салмағында өте мықты боксшы. Оның соққылары жойқын.

- Сіз Қанатқа қарағанда салмағыңыз ауыр. Жарақат алып қалу қаупі болған жоқ па?

- Бұл шаршы алаңдағы жай достық кездесу. Маған сабақ болды. Қанат маған ақыл-кеңестерін айтты. Мұндай спаррингтертен зор тәжірибе жинаймын. Ол – маған ағамдай. Көмегі үшін көп рақметімді айтамын.



- Айдос жұдырықтасуға шыққанда шолақ шалбарыңа есіміңді ерекше етіп жазып шығасың. Көпшілігі лақап аттарын жазады. Ал өзіңе мұндай нұсқаны кім ұсынды?

- Осылай жазуымды анам ұсынған. Ай – исламдағы символдың бірі. Біз – мұсылманбыз. Ал "dos", кәдуілгі дос. Атымның жалғасы десем болады. Бала кезімде күнделіктеріме айдың суретін салып, соңына дос деп жазып қоятынмын.


  0