WBA президенті Жақияновты жеңісімен құттықтады



Бүкіәлемдік бокс ассоцияциясының президенті кіші Жилберто Мендоса қазақстандық боксшы Жанат Жақияновты жеңіл салмақта WBA (Super) тұжырымының чемпионы атануымен құттықтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"WBA тұжырымының жаңа чемпионы Жанат Жақияновтың құттықтаймын. Керекмет жекпе-жек", - деп жазба қалдырды Мендоса өзінің "Твиттер" парақшасында. 

Еске сала кетейік, Жанат Жақиянов жеңіл салмақта WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын америкалық Роуши Уорреннен жеңіп алды. Жекпе-жектің видоесын мына жерден көре аласыздар. Бұл жекпе-жек үшін отандасымыз 30 мың доллар гонарар алса, оның қарсыласы бес есе көп алды. 


  0