Қанат Ислам жас қазақстандық боксшыларды Kazakh Team командасына қосылуға шақырды

Kazakh Team командасына атақты Руслан Мырсатаев қосылыпты.

Кәсіпқой бокста бағын сынап жүрген 32 жастағы отандасымыз Қанат Ислам жас қазақ боксшыларын өз командасына шақырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Біздің Kazakh Team командасына атақты Руслан Мырсатаев келіп қосылды. Команданың құрамы көбеюде. Біздің боксшыларды бүкіл әлем білу үшін, командамыз Амеркида жұмыс істеп жатыр. Жас қазақ боксшылар, біздің командаға қосылыңыздар. Қазақ елін әлемге бірге танытайық. Алға, Қазақстан", - дейді Ислам жас боксшыларға арнап түсірген бейнеролигінде. 



Айта кетейік, келесі кездесуін бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Federatin тұжырымдары бойынша әлем чемпионы 32 жастағы отандасымыз 17 ақпан күні Уилмингтон қаласында (АҚШ, Делавэр штаты) бразилиялық Робсок Ассиспен жұдырықтасады





  0