"Канелодан" соң қарсыласымыз Сондерс болады - Леффлер

"Канелодан" соң қарсыласымыз Сондерс болады - Леффлер.

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшының Сауль Альварестен кейінгі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін айтты.

"Канеломен екінші жекпе-жек өткізіп, оны Головкин жеңіп алатын болса, келесі қарсыласымыз Сондерс болады деп ойлаймын. Төрешілер шешімімен не нокаутпен жеңіс оны жаңа деңгейге көтереді. Бұрын Билли Джо біздің бюджеттен өте көп қаржы сұрайтын. Бірақ Головкин Канеломен рематчта жеңіске жететін болса, оған есік ашылады", - деді промоутер The Next Round Boxing Show-ға берген сұқбатында.

Айта кетейік, Головкин мен "Канело" арасындағы бірінші кездесуде T-Mobile Arena спорт кешешінде жанкүйерлерді жинау көрсеткіші бойынша рекорд орнатты. Ал жалпы кездесудің билеттерінің табысын бұл жекпе-жек бокс тарихында үшінші орынға жайғасты. Daily Mail порталының мәліметі бойынша, бұл кездесу үшін қазақстандық боксшы 25 миллион долар табыс тапса, мексикалық одан 10 миллион көп табыс тапқан.


  0