Шәкіртім Альваресті жеңсе, карьерамды аяқтаймын - Чавестің бапкері

Игнасио Баристайн өмірінің 55 жылын боксқа арнаған маман.

Даңқ залына аты жазылған мексикалық бапкер Игнасио Баристайн өзі жаттықтыратын Хулио Сезар Чавес алдағы жекпе-жекте Сауль "Канело" Альваресті жеңсе, спорттан кетуге дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі boxingscene.com баслымына сілтеме жасап.

55 жылын боксқа аранған Баристайн мансабын әдемі аяқтау сәтін күтіп жүр. Бапкер алдағы жекпе-жек осы қадамға толық негіз бола алады деген ойда. Сонымен бірге, ол адамдардың неліктен Альваерстің жеңіске жетеріне сеніммен қарайтынын түсінбейді.

"Егер Хулио жеңсе мен толық бақытты боламын. "Канело" өте белсенді болған соң көзге түсіп жүр. Ал Хулио рингке жиі шықпайды, осы жолы да қолының жарақатын емдеп келіп отыр. Ол өте жақсы дайындықпен шығады", - деді Баристайн.

Еске салайық, мексикандық боксшылар арасындағы жекпе-жек 6 мамырда Лас-Вегаста болады


  0