Дәурен Елеусінов пен Айдар Шәрібаев біріккен жаттығу жұмыстарын өткізді



АҚШ-тың Флорида штатында жаттығатын қазақстандық кәсіпқой боксшылар Дәурен Елеусінов және Айдар Шәрібаев бірлескен жаттығу өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі "ВКонтакте" желісіндегі "Профи Бокс Казахстана" тобына сілтеме жасап.

Елеусінов Шәрібаевқа кәсіпқой бокстың кейбір айлаларын үйреткені айтылады.

27 жастағы Айдар Шәрібаев Moro's Gym залында жаттығады. Оның келесі жекпе-жегі 25 ақпанда АҚШ-та өтуі мүмкін. Ал 30 жастағы Дәурен Елеусінов жақында ғана MJA Entertainment компаниясымен келісім шартқа отырған болатын. Ол Дерик Сантостың жетекшілігімен Майамидегі залдардың бірінде жаттығады.



  0