WBA рейтингі: Жақиянов көш басында, Ислам төртінші орында тұр

Тізімде үздіктер қатарында тағы екі боксшымыз бар.

Бүгін, яғни 7 ақпан күні Бүкіләлемдік бокс ассоциация (WBA) өзінің ресми сайтында боксшылардың жаңартылған тізімін жариялады. Ол тізім бойынша Жанат Жақиянов көш басында тұр, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Жаңартылған тізім бойынша жеңіл салмақта (53,42 келі) өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов көш бастап тұр. Екінші орында доминикалық Хуан Карлос Пайано тұрса, үшінші сатыға венесуэлалық Енфрез Парехо жайғасқан. 

Орта салмақтағы (66.68 келі) боксшымыз Жанқош Тұраров болса жаңартылған тізімде 11-орында. Бұл салмақта бірінші орынға тайландтық Тева Кирам орналасыпты. Одан кейін америкалық Ламонт Питерсон тұрса, үшінші орында испан боксшысы Керман Леджараха. 

Бірінші орта салмақтағы (69.85 келі) боксшымыз Қанат Исламға тізімнің төртінші сатысынан орын бұйырыпты. Аргентикалық Брайан Карлос Кастано бұл салмақта көш бастаса, америкалық Деметриус Андраде екінші, фрациялық Мишель Соро үшінші орында. 

Бірінші ауыр салмақта (90.71 кел) бағын сынап жүрген Иса Ақбербаев рейтингте 15-орында. Бейбіт Шүменовтен қашып жүрген Юниер Дортикос болса бірінші сатыға орналасыпты. Германиялық Марко Хук пен армениялық Арсен Гуламирян екінші және үшінші тұр. 


  0