WBA Жақиянов пен Уоррен жекпе-жегінің афишасын жариялады

Кездесу 10 ақпан күні өтеді.

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов (26-1, 18 КО) пен америкалық боксшы Роуши Уоррен (14-1, 4 КО) арасындағы жекпе-жектің афишасын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл екі боксшы арасындағы жекпе-жек 10 ақпан күні Толедо қаласында (Огайо штаты) өтеді. Бұл жекпе-жекке 29 жастағы америкалық боксшы жеңіл салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін тіксе, 33 жастағы Жақиянов WBA тұжырымының белбеуін қойып отыр. 

Айта кетейік, Уорренге қарсы кездесу Жақияновтың АҚШ жерінде өткізейін деп жатқан бірінші жекпе-жегі. Бұған дейін отандасымыз 12 елде, тарқатып айтсақ, Қазақстан, Монако, Болгария, Австралия, Беларусь, Англия, Солтүстік Ирландия, Гонконг, Швейцария, Өзбекстан, Таиланд және Ресей жерінде жұдырықтасқан еді. 



  0