Головкин мен Джейкобс арасында өтетін бокс кешіне Усик қатыспайтын болды

Усиктің орынан Карлос Куадрас шаршы алаңға шығатын болды.

Ауыр салмақтағы (90,7 келі) WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы украиналық Александр Усик (11-0, 10 КО) 18 наурызда жоспарланған Головкин мен Джейкобс арасында өтетін бокс кешіне қатыспайтын болды. Бұл туралы K2 Promotions промоутерлік компаниясының директоры Том Леффер айтты. 

"Біз Куадрастың кездесуіне байланысты Усиктің қатысуымен өтетін жекпе-жекті көрсете алмайтын болдық. Сол себепті Александр бұл бокс кешіне қатыспайды. Егер Роман Гонсалес пен Куадрас бір-біріне қарсы жұдырықтасқанда, біз бастапқыда жоспарлағанымыздай Усикті де бұл бокс кешіне қатыстыра алатын едік. 

HBO Sports телеарнасының вице-президенті Питер Нельсон Усикті pay-per-view (ақылы көрсетілім немесе төле де көр жүйесі) орнына жәй тегін көрсетілімге қойғанымызды қалап отыр. Бірақ біз бұлай жасай алмаймыз", - дейді Леффер Boxingscene басылымына берген сұхбатында. 

Айта кетейік, 18 наурыз күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтетін бокс кешінде Роман Гонсалес тайландтық Срисакет Сор Рунгвисаимен, мексикалық Карлос Кудрас Давид Кармонамен кездеседіі. 

Ал бокс кешінің басты кездесуінде WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) шаршы алаңға шығады. 






  0