Дэн Рафаэль Головкин - Альварес реваншы бойынша келіссөз қашан жалғасатынын айтты

Лас-Вегаста өткен бірінші жекпе-жек 12 раундтан тұрды.

Танымал америкалық бокс шолушысы Дэн Рафаэль Еspn.com порталының чатында орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің екінші жекпе-жегінің келіссөздері қашан жалғасатыны жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Эрик Гомес пен Том Леффлер келіссөздер жүргізіп жатты, сосын GGG промоутері елден кетті. Гомес осы аптада маған келіссөздердің келесі аптада жалғасатынын айтты. Асығыс жоқ. Бұл іске асады", - деді Рафаэль.

Осыған дейін Головкин мен Альварес командаларының келіссөздері 22 қыркүйекте басталғаны жайлы хабарланған еді.

Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті. Олардың екінші жекпе-жегі 2018 жылы 5 мамырда өтеді деп болжанады.


  0