"Астана арландары" сапында WSB чемпионы атанған боксшымыз кәсіпқой боксқа ауысты

26 жастағы боксшы бірінші кездесуін қарашада өткізуі мүмкін.

Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін 26 жастағы қазақстандық боксшы Арман Рысбек кәсіпқой боксқа ауысты, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Бүкіләлемдік бокс сериясының өткен маусымында Рысбек "Астана арландары" клубы сапында өнер көрсетіп, жеңіске жеткен болатын. Жалпы елордалық клуб сапында ол жеті кездесу өткізіп, оның бесеуінде жеңіске жетті. 

"Ол әлі АҚШ-қа келмеді. Шамамен қараша айында келіп қалар. Маған бұл боксшымен жұмыс істеуге Бобыржан Момынов өтініш жасады. Жақсы боксшы секілді. Бірақ әлі біраз жұмыс істеу керек", - дейді менеджер Фархад Шарипов. 

Шариповтың айтуынша, қараша айында Рысбек АҚШ жерінде жаттығу бастап, бірден промоутермен келісімшарт жасауы мүмкін. Егер бірден келісімшарт жасаса, оның бірінші жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болады. 








  0