Рикки Хаттон Жақияновтың келесі қарсыласы Барнетті не үшін жаттықтырмай кеткені туралы айтты

Бұл екі боксшы арасындағы кездесу 22 қазанда өтеді.

Бұрынғы танымал боксшы, бұрнағы күні жеңіл салмақта WBA (Super) белбеуінің иегере қазақстандық боксшы Жанат Жақияновтың бапкері Рикки Хаттон Вoxing-social.com порталына берген сұқбатында қазіргі уақытта жеңіл салмақта IBF белбеуінің иегері Райан Барнетті қалай жаттықтырғанын айтып берді. 

"Бапкерлік қызметкен енді ғана ауысқан кезімде мен біршама уақыт Райанды жаттықтырдым. Бірақ ол кезде мен дәл қазіргідей бапкер емес едім. Ол кезде менде проблемма көп еді. Сондықтан да Райан басқа жерде жаттығу дұрыс деп шешті. Мен оның не үшін кеткенін түсінемін. Ол жағдай үшін мен Барнеттке еш ренжімеймін. Қазіргі Рикки Хаттон бұрынғы Рики Хаттонға қарағанда әлдеқайда табысты бапкері. 

Мен қазір үздік бапкермін. Залымда мықты жігіттер көп. Жанат Жақияновтан бөлек, Англияның чемпионы Даррил Уильямс пен әлі жеңілістің кермек дәмін татпаған ауыр салмақтағы боксшы Натан Горман бар", - дейді Хаттон 

Сонымен қатар қазақстандық боксшының бапкері Жақиянов пен Барнетт арасында өткен спарринг туралы да айта кетті. "Ол спаррингтердің көбісінде Райан мықтырақ болды. Бірақ қорғаныс бас киімдері (шлем) мен кішкентай қолғаптармен Жанат кез-келген қарсыласын жеңе алады. Жанат бұған дейін үлкен кездесулерге қатысып көрді. Ал Райан бірінші рет мұндай үлкен кездесуге шығады", - дейді бапкер. 

Еске салайықғ Жақиянов пен Барнетт арасындағы кездесу 21 қазаннан 22 қазанға ауысқан түні Белфест қаласында өтеді. Жекпе-жекті НВО арнасы көрсетеді. Ал Қазақстанда кездесуді QazSport арнасынан көруге болады. 





  0