Хулио Сезар Чавес шаршы алаңға желтоксан айында оралады

Чавес соңғы кездесуінде "Канелодан" жеңіліп қалып еді.

Екінші орта салмақта WBC белбеуінің бұрынғы иегері кіші Хулио Сезар Чавес шаршы алаңға желтоқсан айында оралады. Бұл туралы allboxing.ru порталы хабарлап отыр. 

Жекпе-жек екінші орта салмақта (168 фунтта) өтеді. Еске салайық, өзінің соңғы кездесуін Чавес отандасы Сауль "Канло" Альвареспен өткізіп, жеңіліп қалған еді. Ол кездесу 164,5 фунтта өткен. 

"Чавеске әлі көп нәрсені дәлелдеу керек. Бұл ол үшін мексикалықтарға өзінің әлі де мықты екенін дәлелдейтін мүмкіндік. Ол әлі де өзін көрсете алады. Менің ойымша, Чавес 168 фунтқа салмақ қуатын болса, қиналауы керек. Бұл кездесуде ол мықты болып шаршы алаңға шығады. Алдағы кездесуде өзінің барлық күшін көрсете алады деп сенемін", - дейді Чавестің бапкері Начо Беристайн. 







  0