Эрисланди Лара "Канелоны" сынға алды

Кубалық боксшы Головкиннен жеңісті жұлып алды деп есептейді екен.

Бірінші ортасалмақтағы WBA белбеуінің иегері кубалық Эрисланди Лара (24-2-2) кезекті рет өзінің бұрынғы қарсыласы мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) шамына тиетін сөздер айтты. 

Еске салайық, "Канело" мен Лара арасындағы кездесу 2014 жылы Лас-Вегаста өтіп, төрешілердің шешімі бойынша Альварес жеңіске жетті. Бірақ, Лараның ойынша, бұл кездесуде төрешілер оның жеңісінен тартып алды деп санайды. Сонымен қатар ол "Канелоның" соңғы кездесуінде төрешілер Головкиннен жеңісті тартып алды дейді. 

Лара сонымен қатар, орта салмаққа көтеріліп, "Канело" немесе Головкинмен кездескісі келетінін айтты. Бірақ бұл қарсыластармен кездесуді ұйымдастыру мүмкін болмағандықтан, ол өз салмағында қалып, барлық белбеуді біріктіретін кездесу өткізуге үміттеніп отыр. 

"Мен 160 фунтқа көтерілгім келеді. Өйткені, бұл салмақта "Канело", Головкин секілді мықты боксшылар бар. Ал менің салмағымда мықты боксшылар көп емес. Мен алдағы уақытта бұл екі боксшымен кездесім келеді. Бірақ бұл боксшылармен кездесу ұйымдастыра алмайтын болғандықтан, 154 фунтта қалып, барлық белбеулерді жеңіп алғым келеді", - дейді Лара. 












  0