WBO Котто мен Али арасындағы кездесудің өтетін растады

Жекпе-жек Нью-Йорктағы Madison Square Garden спорт кешенінде өтеді.

Бірінші орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері пуэрторикалық Мигель Котто (41-5, 33 КО) карьерасындағы соңғы кездесуінде 29 жастағы америкалық Садам Алимен (25-1, 14 КО) кездесетін болды. 

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBO) бұл кездесуді ресми түрде растап отыр. Жекпе-жек 2 желтоқсан күні Нью-Йорктағы Madison Square Garden спорт кешенінде өтеді. Кездесуді НВО арнасы ақылы жүйе бойынша кездеседі. Бұл кездесу Коттоның карьерасындағы соңғы жекпе-жек болмақ. 

"Мен шамалы қобалжып тұрмын. Өйткені, бұл менің соңғы кездесуім гой. Бұл деңгейге жету үшін мен талай тер төктім. Бұл кездесуді жеңіспен аяқтайтыныма сенімдім", - дейді Котто. 

"Бұл мен үшін де маңызды кездесулердің бірі. Себебі, қарсыласым кәсіпқой бокс әлеміндегі аңыз боксшылардың бірі. Бірақ қазір менің дәуірлеп тұрған кезім. Сондықтан да бұл кездесуден кейін чемпиондық белбеумен кетемін", - дейді Али. 

Садам Али де Котто да Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясымен келісімшарты бар. Ал Олимпиада ойындарында бағын сынап, жартылай орта салмақта әлем чемпионы атағына үміткер болған. 








  0