Поветкиннің "В" сынамасы да оң нәтиже берді



Бүгін АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы допинг зертханасында ресейлік былғары қолғап шебері Александр Поветкиннің "Б" сынамасынан тыйым салынған дәрумен табылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ресейлік боксшының 6 желтоқсанда тапсырған сынамасында аз мөлшерде остарин дәрумені табылған. Остарин - 2008 жылдан бері Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің тізіміне ілінген.

Айта кетейік, бұған дейін кәсіпқой боксшы Александр Поветкиннің допинг қолдануы мүмкін деген себеппен, WBC нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы атағы үшін өтуі қажет болған Бермейн Стиверенмен кездесу кейінге шегерілген еді.

Тег:



  0