WBA чемпионы Василий Ломаченкомен шығуға келісімін берді

Олардың жекпе-жегі 8 сәуірде Оксон Хилл (Мэриленд) қаласында жаңадан ашылған MGM National Harbor аренасында өтеді.

WBA нұсқасы бойынша жартылай жеңіл салмақта әлем чемпионы Джейсон Соса (20-1-4, 15 КО) осы салмақ дәрежесіндегі WBO чемпионы украиналық Ваилий Ломаченконың (7-1, 5 КО) қарсыласы болуға өз келісімін берді.

Олардың жекпе-жегі 8 сәуірде Оксон Хилл (Мэриленд) қаласында жаңадан ашылған MGM National Harbor аренасында өтеді және осы кездесуді НВО арнасы тікелей эфирден көрсететін болады. Жекпе-жекке екі боксшының белбеулері тігіледі, - деп хабарлады Vesti.kz

"Біз Ломаченконың ұсынысын қуанышпен қарсы алдық, - деді Соса. - Біз өте қуаныштымыз. Онымен болатын жекпе-жекке дайынбыз. Біз бұрыннан осы кездесуді сұрап жүрміз, тек бағасы дұрыс болса дедік. Әлемнің ең мықты боксшысына қарсы жекпе-жекті асыға күтіп отырмыз, өзіміздің неге дайын екенімізді көрсетеміз". 

Еске салайық, Соса өткен жылы титулды кездесудің жеңімпазы атанған болатын. Ол кезде оның қарсыласы доминикандық Хамьер Фортуну болды. Қарашада америкалық боксшы өз титулы ұлыбританиялық боксшы Стивен Смиттен қорғап қалды. 

Ломаченко 2016 жылы шаршы алаңға екі рет шықты. Ол Роман Мартинес пен Николас Уолтерспен жұдырықтасты. 

Тег:



  0