Сауль Альварес Головкинді нокаутқа түсіруге уәде берді



Мексикалық боксшы Сауль "Канело Альварес 16 қыркүйекте шаршы алаңда орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (37-0, 33 КО) нокаутқа түсіруге уәде берді, - деп хабарлайды Sky Sports.

"Мен сіздерге уәде беремін, мен өзіме тапсырылған жұмысты орындап, жанкүйерлерге тамаша жекпе-жек көрсетемін. Мен үшін ең бастысы - жеңіс. 

Мен әрдайым ең жақсысын көрсетуге тырысамын. Бұл менің жанкүйерлерім үшін, менің командам мен елім үшін.  Осы сенбіде мен осыны істеймін. 

Мен онда барамын да жеңісе жетемін. Мен нокаутқа дайынмын. Әрине, жекпе-жекте кез келген нәрсе болуы мүмкін, бірақ мен оны (Головкинді) құлатуға дайындалдым", - дейді Альварес. 

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді. Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.


  0