Головкин маған қарсы ештеңе істей алмады, бірақ "Канело" бұл соққыларға дайын емес - Джейкобс

Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-2, 29 КО) өзінің қарсыласы орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело Альварес арасында өтетін жекпе-жек туралы өз пікірін айтты. Сонымен қатар, ол осы жекпе-жекте кімнің басымдылыққа ие болатынын да жасырмады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен Головкиннің жеңісіне сенімдімін. Оның жеңісі маған қандай да бір пайдасын келтіретіні үшін емес. Шындап келгенде, ол ірі әрі мықты. Шаршы алаңда ол маған қарсы ештеңе істей алмады, алайда "Канело" секілді боксшылар үшін бұл біраз нәрсені шешеді. 

Бұл бокс, физикалық тұрғыдан келетін спорттың түрі. Головкин орта салмақтағы ең мықтылармен жұдырықтасты, ал "Канело" үшін бұл бірінші рет. Ол үлкен қадам жасамақшы. Сол себепті де "Канело" Головкиннің осы соққыларға дайын емес.

Бұл кеш ұзақ болары не қысқа боларын сол күні білеміз, Головкин өзі үйренген стилінде жұдырықтасатын болса, оған қиын болады. "Канело" - тек алға басып келеді, артқа қайту ойына кіріп шықпайды да. Головкин осыған төтеп бере ме екен?", - деп жазады Boxingnews24.com порталы Джейкобстың сөзін. 

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.



  0