Головкин - Альварес жекпе-жегі басталатын нақты уақыты белгілі болды

Жекпе-жекті тікелей эфирден Qazaqstan және QazSport (бұрынғы "Қазақстан" және KazSport) телеарналары көрсетеді.

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасында өтетін жекпе-жегінің басталатын нақты уақыты белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

16 қыркүйекте Лас-Вегастың 20 мың адамдық T-Mobile аренасында өтетін бокс кешінің басты кездесуі Астана уақыты бойынша,17 қыркүйекте, жексенбіде сағат 08:50-де басталады.

Жекпе-жекті тікелей эфирден Qazaqstan және QazSport (бұрынғы "Казахстан" және KazSport) телеарналары көрсетеді.

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді. Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.




  0