Қазақ эстрадасының жұлдыздары Головкинді қолдау мақсатында "Жұлдыз ФМ" флешмобына қосылды

Отандасымыз 16 қыркүйекте Лас-Вегаста Сауль Альвареске қарсы жекпе-жек өткізеді.

"Жұлдыз ФМ" радиосы отандасымыз Геннадий Головкинді Сауль "Канело" Альвареспен өтетін жекпе-жегінің алдында қолдау мақсатында флешмоб ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Флешмобқа отандық эстрада жұлдыздарымен қатар, қазақстандықтар да қатысып жатыр.

Флешмобтың шарттары қарапайым: кез келген адам ұлттық символика бейнеленген сурет немесе қазақтың аспаптарымен, ұлттық киіммен түскен суретін жариялап, міндетті түрде #ГенаАлга #жулдызфмфлешмоб хэштегін қояды.
17 қыркүйекке дейін жалғасатын акцияға бүкіл Қазақстан бойынша мындаған адам қосылып жатыр, олардың ішінде қазақстандық эстрада мен кино жұлдыздары, Сәкен Майғазиев, Айқын, Ернар Айдар, Ғаділбек Жанай, Дилхан Исаев, Ұшқын Жамалбек, Өміркүл Айниязов, Бейбіт Құшқалиев, Жігер Ауыпбаев, Әйгерім Қалаубаева, Дана Кентай, Жанна Орынбасарова, домбырашы Нұржан Тәжікенов, композитор Ұлықпан Жолдасов, композитор әрі әнші Нұрлан Еспанов, актер әрі әнші Нұрболат Абдуллин, актер Жасұлан Базарбаев, актер әрі тележүргізуші Рахмано Омар, актер Ерден Телемісов, продюсер Ринат Таттыбай, "Самал" тобы, "Заман","Шамшырақ" дуэті мен Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қатысушылары.

Флешмоб қатысушыларының жазбаларымен "Жұлдыз ФМ" радиосының Instagram желісіндегі парақшасында таныса аласыздар. 

"Жұлдыз ФМ" радиосының бағдарламалық директоры Жасұлан Қали флешмобтың мақсаты Геннадий Головкинге қолдау көрсетіп, оған оның жалғыз емес екенін және бүкіл елдің жанкүйер болатынын көрсету екенін айтты. "Бүкіл Қазақстан Геннадийдің жеңіске жететініне сенеді және қолдау көрсетеді. Біз мұны тыңдармандарымыздың белсенділігінен, әлеуметтік желілердегі спортшыға жеңіс тілеп жатқан адамдарымыздар біліп отырмыз. Головкин рингке Қазақстан туымен шығады, бүкіл әлем біз жайлы мақтанышпен айтады. Сондай-ақ, GGG рингке ұлттық киіммен шығады, сол себепті біз флешмобты қазақ шапандарымен және қазақ символикасы бейнеленген киіммен түсіруді жөн көріп, оған қолдау білдіреміз. Ол Альвареспен өтетін жекпе-жекке жалғыз бара жатқан жоқ! Гена, Алға!", - деді "Жұлдыз ФМ" радиосының бағдарламалық директоры Жасұлан Қали .



  0