Қанат Ислам 33-ке толды

Қанат Ислам 1984 жылы 13 қыркүйекте Қытайдың Шыңжаң қаласында дүниеге келген.

Бірінші орта салмақта WBO NABO және WBA Inter-Continental нұсқалары бойынша әлем чемпионы Қанат Исламның (25-0, 20 КО) бүгін туған күні, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Қанат Ислам 1984 жылы 13 қыркүйекте Қытайдың Шыңжаң қаласында дүниеге келген. Үрімші қаласындағы Педагогикалық университетті 2009 жылы тәмамдады. Спортты басқару және зерттеу маманы. Әуесқой боксшы ретінде Қытай Халық Республикасы Ұлттық құрама командасының құрамында Пекин Олимпиадасының қола жүлдегері, Чикагода өткен Әлем чемпионатының (2007) және Азия ойындарының (2006) қола жүлдегері. Қытайдың 10 дүркін чемпионы. 2010 жылы азаматтығын ауыстырып, атамекені Қазақстанға көшіп келіп "Астана Арландары" кәсіби клубының мүшесі болып 2012 жылға дейін өнер көрсеткен. Қазір кәсіпқой боксшы, Нельсон промоутерлік клуб атынан шығып 25 жекпе жек өткізіп, онын 20-сын мерзімінен бұрын аяқтады. Лақап аты - Qazaq.

Еске сала кетейік, Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін Астана қаласында Брэндон Кукке қарсы өткізіп, 9-раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын. Сөйтіп, отандасымыз  бірінші орта салмақтағы WBO, NABO және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерін қорғап қалды. Бұл көрсеткіш Қанат Исламға BoxRec рейтінгінде 12-ші орынға көтерілуге мүмкінді берді. Кук қазақстандық боксшымен кездеспей тұрып, одан бірнеше саты жоғары тұрған еді. Ол 22 позицияға төмендеп, қазіргі уақытта 43-ші орынға түсіп қалды.


  0