Төрт салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы кездейсоқ ер адамды нокаутқа түсірді

БАҚ мәліметінше, бұл Бронерге қатысты бірінші оқиға емес.

Төрт салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Эдриан Бронер тағы да келеңсіз жәйтке тап болды, - деп хабарлайды BoxingScene.

Бронер қолтаңбасын беріп жатқанда белгісіз бір қызбен жанжалдасып қалған, америкалық боксшы қызды итеріп жіберген, осы кезде қызды қорғамақшы болған бір ер адам шыққан. Боксшы оған соққы жұмсап, нокаутқа түсірген. 

Ер адам біраз уақыт бойын есін жия алмаған. 



БАҚ мәліметінше, бұл Бронерге қатысты бірінші оқиға емес. 2016 жылы америкалық боксшы боулингте біреуден ұтылып қалып, бәске қойылған ақшаны берген. Сосын өзін ұтқан адамды көшеден тосып алып, соққыларымен жерге құлатып, ұтылған ақшасын қайтарып алған. 2016 жылы шілдеде Бронер сотта тәртіпсіздік қылығы үшін бір айға қамалды. Ол сот отырысына үш сағатқа кешігіп, мас күйінде келген. 

Тег:



  0