Сондерс деген кім өзі? - Вилли Монро

Сондерс маусымда Лондонда өткен Головкин мен "Канелоның" баспасөз конференциясында болған еді.

Америкалық боксшы Вилли Монро (21-2, 6 КО) өзінің болашақ қарсыласы орта салмақта WBO чемпионы ұлыбританиялық Билли Джо Сондерсті (24-0, 12 КО) мазақ етті. Олардың жекпе-жегі Лондонда 16 қыркүйекте өтеді. 

"Мен Сондерс туралы АҚШ-та естіген емеспін. Мен оның Головкин мен "Канело" жұбының баспасөз конференцияларында болғанын білемін. Олар ұлыбританиялықтың көп сөйлейтінін айтты. Егер ол тілі мен жағына сүйеніп алған болса, өзі білсін, өз еркі не істесе де. Мен ол туралы тек Головкиннен және Альварестен ғана естідім, соның өзінде "Канело" оның кім екенін білмейтінін айтты", - деп жазады BoxingScene.com Монроның сөзін. 

Осыған дейін америкалық боксшы қарсыласын сынның астына алған еді. Ол өзінің Головкинмен келісімшарт жасасып, шаршы алаңға шыққанын айтады. Оның айтуынша, Головкинмен келісімшарт жасасу кезінде Сондерс керек кезінде қаламын жоғалтып алған. 

Еске салайық, Сондерс маусымда Лондонда өткен Головкин мен "Канелоның" баспасөз конференциясында болған еді. Ол онда мексикалықты келемеждеп, мазақ еткісі келген уақытта Головкин оны орнына қойған болатын. 



  0