Головкин - "Канело" Альварес жекпе-жегін қайдан көруге болады?

Сауль "Канело" Альварес Лас-Вегасқа Головкинмен болатын жекпе-жекке келді.

Алдағы демалыс күндері көптен күткен орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек өтеді, - деп хабарлайды  Vesti.kz. Головкин - "Канело" жекпе-жегін тікелей эфирден қазақстандық екі телеарна көрсетеді. 

Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.  

Головкин - Альварес жекпе-жегін тікелей эфирден Qazaqstan және QazSport (бұрынғы "Казахстан" және KazSport) телеарналары Астана уақыты бойынша 17 қыркүйекте, яғни жексенбіде таңғы уақытта көрсетеді. 

Сауль "Канело" Альварес Лас-Вегасқа Головкинмен болатын жекпе-жекке келді. 

АҚШ-та бұл жекпе-жек ақылы (PPV) трансляция арқылы көрсетіледі. Бір телевизордың құны 75 доллар. 


  0