Сондерспен маусымда жекпе-жек ұйымдастырмағанымыз дұрыс болды, Головкинге демалыс керек - Санчес

Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) бапкері Абель Санчес маусымда осы салмақта WBO чемпионы ұлыбританиялық боксшы Билли Джо Сондерстің (24-0, 12 КО) ұсынысын қабыл алмағаны дұрыс шешім болғанын айтты, - деп хабарлайды BoxingScene.com.

Екі жақ келіссөздер жүргізіп, жекпе-жекті Астанада ұйымдастыруды талқылап жүрген. Алайда Головкиннің командасы бұл ұсыныстан бас тартып, мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек ұйымдастыруға қамданды. 

Менің қуануыма себепші болған бір жағдай бар, Головкиннің графигі тым күрделі, ал боксшыға кейде демалыс керек. Сондерспен жекпе-жекке шықпағанымыз дұрыс шешім болды. Джейкобспен өткен кездесуден соң екі апта өтісімен жаттығу лагерінде дайындалуымыз керек болды. 

Ол кезде біз тағы бір ауыр жаттығу лагерінен өтуіміз керек болды, ал қыркүекке дейін үш-ақ ай бар еді, біз тағы да дайындыққа көшер едік. Сол себепті мен Головкин үшін қуаныштымын. Оның жасы 35-ке толды. Ол жас бала емес, 16 желтоқсанға тиянақты дайындық керек болды", - деді Санчес. 

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.


  0