"Чоколотитоны" нокаутқа түсірген тай боксшысы Головкинді P4P рейтингінің үздік бестігінен ысырып тастады

Ал, оның қарсыласы Роман Гонсалес 49-шы орынға түсті.

Танымал BoxRec.com порталы салмақ дәрежесіне қарамастан pound-for-pound нұсқасы бойынша жаңартылған әлемнің үздік боксшыларының тізімін жариялады.

Жаңа рейтинг төрт салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы никарагулаық Роман Гонсалес пен екінші жеңіл салмақта WBC титулының иегері Висаксил Вангек арасында өткен реванштық кездесуден кейін өзгертілді. 

Осының арқасында тай боксшысы Вангек P4P рейтингінде бесінші орынға табан тіреді, ал Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) алтыншы орынға түсіп қалды. Роман Гонсалес 49-шы орынға түсті. 

Никарагуалық пен тай боксшысы осы жылдың наурызында жекпе-жек ұйымдастырған болатын. Онда төрешілердің шешімімен тай боксшысы жеңіске жеткен болатын. 

BoxRec.com порталы салмақ дәрежесіне қарамастан pound-for-pound нұсқасы бойынша Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) көш бастап тұр. Ол 16 қыркүйекте Лас-Вегаста Головкинмен жұдырықтасады. 

Үздік ондыққа кірген боксшылар тізімі мынадай:

1) Сауль Альварес
2) Теренс Кроуфорд
3) Андре Уорд
4) Василий Ломаченко
5) Висаксил Вангек
6) Геннадий Головкин
7) Энтони Джошуа
8) Джефф Хорн
9) Луис Нери
10) Мигель Берчельт

Тег:



  0